«Zhastar textile» жоба сәтті іске асуда

/ 27 октября, 2020/ Новости города Талгар, Новости Талгарского района

«Zhas Project» жобасы бойынша жоспарланған мақсатымызға жету барысында тобымыз аянбай еңбек етуде. Ағымдағы ай өте жемісті болды деуге толық негіз бар. Бұл айда біз тек ауылдық округіміздегі әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасыларға ғана төсек орын жабдығы комплектерін таратып ғана қоймай «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілерін де қуантып келген жайымыз бар. Балалар үйінің жеткіншектерін сый беру арқылы қуантып, сонымен қатар «Zhas Project» жобасының мақсаты, мәні туралы, жалпы жоба туралы толыққанды ақпарат бердік.

Өз тобымыздың мақсатын таныстырып, тәжірибемізбен де бөлістік. Жеткіншектер арасында тігін шеберлігіне қызығушылық танытып, таза табиғатқа қолдау көрсету мақсатында экосумка тігумен айналысатынан да хабар болдық. Бір – бірімізбен  тәжірибе бөлісіп, тамаша жүрекжарды әңгіме жүргізіп келдік. Ағымдағы айдың жаңалығы ретінде  медициналық бетперде тігу ісін де қолға алдық. Қаламыздың тұрғындарына тегін таратумен де айналысып жатырмыз. Осындай қилы заманда тұрғындарымызға кішкене де болса өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз.

Жолмағанбетова Айжан,
«Zhastar textile» жобасының қатысушысы

Поделиться этой записью

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*
*